- Подробности
- Автор: Администрация
14 ақпан күні сағат 11-00 де аудандық музейде «Ауғанның от жалыны» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылып Ауған соғысының ардагері Қақабаев Мұратпен кездесу өткізілді. Көрменің мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Аға-әкелеріміздің ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
- Подробности
- Автор: Администрация
Қаңтар айының 31-і күні ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде «Ұлы халықтың-Ұлы Абайы» атты тақырыпта мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына ақынның өмірдерегі таныстырылып, дәріс оқылып, мағлұматтар берілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай аудандық музей ұжымы «Ата Заңым-қазынам» атты жылжымалы көрме ұйымдастырып, аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиналысқа қатысушыларға таныстырылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
15 ақпан - Музейде «Ауған соғысының солдаттары» атты көрмемен К.Байсейітова мектебінің оқушылары танысты.
- Подробности
- Автор: Администрация
21 желтоқсан күні Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында еліміздің жер-жерінде еңбек етіп жүрген және ауданда қызмет жасап жүрген кәсіпкер азаматтармен кездесу өткізілді. Бұл акцияға аудандық музей ұжымы да «Туған жерге тағзым» атты кең көлемді жылжымалы көрме ұйымдастырып, ат салысты.
- Подробности
- Автор: Администрация
20 желтоқсан күні ақын, әнші-сазгер, жерлесіміз Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Арғынмын, атым Әсет арындаған» атты танымдық конференция өткізіліп, Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі «Ән салсаң Әсеттей сал әуелетіп...» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Ақын, әнші-сазгердің өмірдеректері мен ақын туралы кітаптар келген ақын-жазушылар мен қонақтардың назарына ұсынылды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 370 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр







