Елбасы Н.Ә Назарбаевтың "Рухани Жаңғыру" "Болашаққа бағдар бағдарламасы" аясында өскелең ұрпаққа аудан тарихынан сыр шертетін тарихы мол мұраларымызды дәріптей отырып, оқушылардың тарихқа, ардагерлерге деген сый-құрметің қалыптастыру, ата-бабамыздың мирасқорлығын сақтау және нығайту жастардың азаматтық өзін танушылығын дамыту мақсатында ақпан айының 27-ші жұлдызында аудандық музейде 1 наурыз "Алғыс айту күніне" орай "Шежірелі өлке Ақтоғай " атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға Ақтоғай ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Сәтеков Мәдениет Түгелбайұлы, Ақтоғай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ішкі істер органдарының "Құрметті ардагері" Сыздықов Сәкітай Шашымбекұлы, Ақтоғай ауданың бас имамы Түкетаев Ардақ Әділханұлы ,Жастар ресурстық орталығының басшысы Кәрібаев Мейірман Талғатұлы ж/е ауыл жастары, оқушылармен музей қызметкерлері шараға белсене қатысты.

Сәтеков Мәдениет Түгелбайұлы ауданның құрылған жылдарынан бастап қазіргі кезге дейінгі тарихынан сыр шертсе, Сыздықов Сәкітай ағамыз ауылға деген сүйіспеншілігін "Өмірімнің өзегі-Ақтоғайым ауылым" атты арнауын оқып берді. ауданымыздың бас имамы Түкетаев Ардақтың шараға қатысушыларға рухани азық имандылық жөнінде насихат жүргізді.

Оқушылар ардагерлерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, дәйекті жауаптарын алып, ризашылықтарын білдірді. Кездесу соңында Алғыс хаттармен марапатталып, естелік суретке түсті.

Онлайн кім

Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр