- Подробности
- Автор: Администрация
📍«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 5-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 23 сәуірден бастап 22 мамырға дейінгі кезеңде Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысы жүргізіледі.
- Подробности
- Автор: Администрация
Балалар жылы аясында оқушыларды Өлке тарихымен таныстыру мақсатында, Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің оқушыларымен “Туған жерге саяхат” жобасы аясында музейге экскурсия жүргізіліп таныстырылды
- Подробности
- Автор: Администрация
27-ші қыркүйек Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бабамыздың тоталитарлық жүйенің құрбаны болып атылған қаралы күн.
- Подробности
- Автор: Администрация
Әдет -ғұрып салт дәстүр жобасы аясында Ақтоғай Археологиялық- Этнографиялық Музейінде “ Асыл мұра” үйірмесінің оқушыларымен Қазақ халқының көнеден келе жатқан қолдаңбалы өнері Ұршық иіру, жіп иіретін станок және оның қолданылу технологиясы негізінде шеберлік сағат өтті. #АқтоғайАуданы #ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі
- Подробности
- Автор: Администрация
18 мамыр-Халықаралық музейлер күніне орай Қазақ халқының қолдаңбалы қол өнерін насихаттап дәріптеу мақсатында «Шебер қолдар» атты тақырыпта бейне-сабақ ұйымдастырылды. Қол өнер шебері Бектұрғанова Құндыз Үкімқызының ыстық табақ астына қоюға арналған төсегіш тігу әдіс-тәсілін ұсынамыз
- Подробности
- Автор: Администрация
18 мамыр-Халықаралық музейлер күніне орай музей қорын құнды экспонаттармен толықтыру мақсатында «ӨТКЕННІҢ ҚАЗЫНАСЫ БОЛАШАҚҚА» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Акцияға аудан тұрғындары белсене ат салысты. Нәтижесінде музей қоры құнды жәдігерлермен толыға түсті. Акцияға қатысқан аудан тұрғындарына ризашылығымызды білдіреміз!
- Подробности
- Автор: Администрация
5-ші наурыз күні Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде көп балалы аналармен кездесу өткізілді. МАҚСАТЫ: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Шараға қатысушы оқушылардың бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
- Подробности
- Автор: Администрация
Елбасы Н.Ә Назарбаевтың "Рухани Жаңғыру" "Болашаққа бағдар бағдарламасы" аясында өскелең ұрпаққа аудан тарихынан сыр шертетін тарихы мол мұраларымызды дәріптей отырып, оқушылардың тарихқа, ардагерлерге деген сый-құрметің қалыптастыру, ата-бабамыздың мирасқорлығын сақтау және нығайту жастардың азаматтық өзін танушылығын дамыту мақсатында ақпан айының 27-ші жұлдызында аудандық музейде 1 наурыз "Алғыс айту күніне" орай "Шежірелі өлке Ақтоғай " атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 384 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр







