5-ші наурыз күні Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде көп балалы аналармен кездесу өткізілді. МАҚСАТЫ: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Шараға қатысушы оқушылардың бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ана-өмірдің шуағы» атты тақырыпта көрме.

Шараға қатысушы оқушылар мерекеге арналған өлең-шумақтарын оқып, оқушылар мен аналар арасында сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс шарттары:

  • Таныстыру.
  • Мақалды жалғастыру.3.
  • «Шешеге қарап-қыз өсер»-қолөнер сайыстары ұйымдастырылып, «Мейірімді ана», «Парасатты ана» және «Қолөнер шебері» номинациялары бойынша марапатталды. Шара соңында естелік суретке түсіп, «Мереке күніңмен!» әнін кешке қатысушылар бәрі бірге орындады.

Онлайн кім

Қазір 87 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр