14 ақпан күні сағат 11-00 де аудандық музейде «Ауғанның от жалыны» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылып Ауған соғысының ардагері Қақабаев Мұратпен кездесу өткізілді. Көрменің мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Аға-әкелеріміздің ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Бұл іс-шараға К.Байсейітова атындағы орта мектептің 4 сынып оқушыларынан 14 оқушы мұғалімімен және Ә.Бөкейхан атындағы орта мектептің 7 сынып оқушыларынан жасақталған «Жас сарбаздары» 13 оқушы жетекшісімен қатысты. Кездесу барысында Ауған соғысының ардагері Қақабаев Мұрат өзінің өмірдерегімен және де Ауған жеріндегі соғыс туралы әңгімелеп берді.
Оқушылар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, толық қанды жауап алды. Музей басшысы Тәбарак Климұлы Ауған соғысының ардагері Мұрат Елегенұлын арнайы Алғыс хатпен марапаттап, музей ұжымы атынан алғыс білдірді. Шараның соңында Ауған соғысының ардагерімен шараға қатысушылар естелік суретке түсті.