27-ші қыркүйек Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бабамыздың тоталитарлық жүйенің құрбаны болып атылған қаралы күн.
Осы күнге орай Қарағанды жастарының бастамасымен ел тарихында тұңғыш рет Алаш арысының туған жері Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жекежал қыстағында және Алаш көсемінің ата-анасы, туған -туыстары жерленген Талды бейіт қорымында « Әлихан Бөкейхан әруағына тағзым» атты еске алу шарасы өтті. #АқтоғайАуданы #ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі