11 сәуір күні Ақтоғай археологиялық- этнографиялық музей қызметкерлері Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектебіне ақын, ұлттық әдебиетімізді биікке көтерген алып тұлғалардың бірі Нарманбет Орманбетұлының 165 жылдық мерейтойы аясында "АРҚАНЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ -НАРМАНБЕТ" тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрменің басты мақсаты – оқушыларға ақын Нарманбет Орманбетұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру .