🔹 Аудандық музейде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында  «Адалдық және әділдік – заман талабы»  тақырыбында ақпараттық жиын өтті.

💬 Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуына кері әсері, оның алдын алудың маңыздылығы және әр азаматтың заң талаптарын сақтаудағы жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🔰Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормалары, мүдделер қақтығысына жол бермеу және парасаттылық қағидаттарын сақтау жөнінде ақпарат берілді.

🔘Жиын соңында музей қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу және құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттілігі атап өтілді.

⚜️ Адалдық пен парасаттылық – әділетті қоғамның берік негізі!

#АқтоғайАуданы

#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі

Онлайн кім

Қазір 718 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр