🔹 Аудандық музейде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында «Адалдық және әділдік – заман талабы» тақырыбында ақпараттық жиын өтті.
💬 Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуына кері әсері, оның алдын алудың маңыздылығы және әр азаматтың заң талаптарын сақтаудағы жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔰Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормалары, мүдделер қақтығысына жол бермеу және парасаттылық қағидаттарын сақтау жөнінде ақпарат берілді.
🔘Жиын соңында музей қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу және құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттілігі атап өтілді.
⚜️ Адалдық пен парасаттылық – әділетті қоғамның берік негізі!
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі



