Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық суретшісі, белгілі кино суретшісі, график және кескіндемеші Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сахи Романов: кино мен бейнелеу өнерінің үндестігі» атты жылжымалы көрме Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебінде ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты – қазақтың бейнелеу және кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан суретшінің шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, оның өнердегі қайталанбас қолтаңбасын өскелең ұрпаққа таныстыру.
Көрмені тамашалауға “Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебінің” ұстаздары мен оқушылары қатысып Сахи Романовтың шығармашылығы туралы тағылымды мәліметтермен танысты.
Сахи Романовтың өнері – бір дәуірдің көркем шежіресі ғана емес, қазақ өнерінің биік белестерін айшықтайтын рухани мұра. Оның шығармалары арқылы тарих пен өнер, кино мен кескіндеме, ұлттық болмыс пен адам тағдыры өзара үндестік табады.





