Бүгін Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық суретшісі, көрнекті кино суретшісі, график және кескіндемеші Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сахи Романов: кино мен бейнелеу өнерінің үндестігі» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрме барысында Сахи Романовтың шығармашылық жолы, бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасы мен кино өнеріне қосқан үлесі туралы кеңінен айтылып, суретшінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шараға Балқаш қаласының тұрғындары, ардагерлер мен студенттер қатысып, қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілінің шығармашылығымен танысты.

Көрермендер үшін бұл көрме – ұлттық өнерді насихаттап, Сахи Романовтың мол шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа танытатын тағылымды мәдени шара болды.

Онлайн кім

Қазір 67 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр