Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсері, оның алдын алудың маңызы және әр азаматтың жауапкершілігі туралы кеңінен айтылды. Қатысушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік және заң талаптарын сақтау – қоғамның тұрақты дамуының негізгі құндылықтары екені түсіндірілді.

Жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Адал еңбек пен таза ниет, заңға құрмет пен өзара жауапкершілік қалыптасқан қоғамда жемқорлыққа орын жоқ.

Адал қоғам – жарқын болашақтың кепілі!

Онлайн кім

Қазір 69 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр