⚜️Тарихи тұлғалардың өмірі мен Алаш қозғалысының тағылымды мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында “TURKISTAN” телеарнасының түсірілім тобы «АЛАШ ІЗІМЕН» экспедициясы аясында Ақтоғай ауданына арнайы келіп, бірқатар тарихи-мәдени нысандарда түсірілім жұмыстарын жүргізді.
🔘Түсірілім тобы Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның «Жекежал» қыстауында, оның ата-анасы мен туыстары жерленген «Талды бейіт» қорымында, сондай-ақ Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтің «Бөріктас» қыстауында болып, тарихи орындардың мән-маңызы мен ел тарихындағы алар орнына назар аударды.
🔰 Экспедиция барысында Сарыарқаның қасиетті төрінде із қалдырған Алаш зиялыларының өмір жолы, туған жері, қоғамдық-саяси қызметі мен ұлттық тарихтағы орны туралы құнды деректер қамтылды.
📜Ақтоғай – Алаш арыстарының өмірімен тығыз байланысты қасиетті мекен.Мұндағы әрбір тарихи орын – ұлт тарихынан сыр шертетін тағылымды шежіре.
«АЛАШ ІЗІМЕН» экспедициясы арқылы Ақтоғайдың тарихи-мәдени мұрасы кеңінен насихатталып, кейінгі ұрпаққа аманат етілетін құнды деректердің қатарын толықтыра түсуде.
#АлашІзімен #АқтоғайАуданы #ӘлиханБөкейхан #ӘлімханЕрмеков #АлашҚайраткерлері #АқтоғайМузейі #Жекежал #ТалдыБейіт #Бөріктас #АлашМұрасы






