⚜️Ұлт ұстазы, қазақ халқының рухани көсемі, ғалым, ағартушы, ақын әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектеп оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың ұлы тұлғасы»тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

🔸 Кездесу барысында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін қалаудағы еңбегі, ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы және ұлт болашағы үшін атқарған тарихи қызметі кеңінен сөз болды. Сондай-ақ ұлт ұстазының өмір жолы мен халқына сіңірген өлшеусіз еңбегі туралы құнды мәліметтер айтылды.

📜 Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмірін насихаттау, оның ғылыми-шығармашылық мұрасын дәріптеу және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.

#АхметБайтұрсынұлы #ҰлтҰстазы
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі

Онлайн кім

Қазір 180 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр