⚜️ Қазақ тілінің мәртебесін арттырып, ана тілімізге деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында, Қазақстан халқының тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Жаппай диктант» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ақтоғай аудандық музейінің ұжымы белсенді қатысып, қазақ тілінде сауатты жазу, тіл мәдениетін сақтау және мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға өз үлестерін қосты.

«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынұлының тағылымды сөзі – ана тілімізді ардақтап, оны дамыту әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз екенін еске салады.

Қазақ тілі – ұлттың жаны, халықтың рухы!
Ана тілімізді құрметтейік, дәріптейік, бірге дамытайық! 🇰🇿

#АқтоғайАудандықМузейі #ҚазақТілі #ТілдерКүні #АнаТілім #ТілгеҚұрмет

Онлайн кім

Қазір 73 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр