🔹Тамыз айының 31-ші жұлдызында Аудандық музейде «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі»тақырыбында кездесу өтті.
🔰Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және әр азаматтың жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жауапкершілігі туралы кеңінен айтылды.
💬Кездесуде заң талаптарын сақтау, адалдық пен әділдік қағидаларын ұстану, парақорлық пен заңсыз әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оған қарсы тұрудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қоғамда адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру арқылы ғана әділетті әрі таза қоғам құруға болады.
#СыбайласЖемқорлыққаЖолЖоқ
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі

