🔹 23–24 тамыз күндері Ақтоғай ауданына арнайы сапармен Моңғолия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Батжаргал Гунаажав келді.
⚜️ Сапар барысында құрметті қонақ Ақтоғай өңірінің табиғи және тарихи-мәдени нысандарын аралап, Сарыарқаның сұлу табиғатымен, қасиетті орындарымен танысты.
🔘Атап айтқанда, Ақсораң тауы, Әулиетау, Әулие үңгірі секілді туристік бағыттарға барып, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алды.
🔸Сонымен қатар, Елші Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейіне арнайы ат басын бұрып, музей экспозицияларындағы тарихи жәдігерлермен танысты. Музей қызметкерлері қонаққа Ақтоғай өңірінің көне тарихы, археологиялық мұрасы, этнографиясы және ел тарихында өзіндік орны бар тұлғалар туралы кеңінен ақпарат берді.
🔰Сапар барысында Ақтоғайдың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, туристік әлеуетін арттыру және халықаралық деңгейде насихаттау бағыттары да назарға алынды.
⚜️ Ақтоғай – тарихы терең, табиғаты тамаша, қасиетті мекендерге бай өлке. Осындай халықаралық деңгейдегі сапарлар өңірдің туристік мүмкіндіктерін кеңінен танытуға және мәдени байланыстарды нығайтуға маңызды мүмкіндік береді.







