🔸 15–16 тамыз күндері Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің ұстаздары үшін ұйымдастырылған «Әлихан жолымен» рухани-танымдық сапары ұйымдастырылды.
💬 Сапардың басты мақсаты – туған өлкенің тарихын терең зерделеу, тарихи-мәдени мұра нысандарын насихаттау, ұлт тарихында өшпес із қалдырған тұлғалардың өмірі мен қоғамдық қызметін кеңінен таныту, сондай-ақ мұғалімдердің өлкетанымдық білімін арттыру.
🔰 Сапар барысында ұстаздар Ақтоғай өңірінің қасиетті әрі тарихи орындарымен танысты. Атап айтқанда, Сеңгірбай батыр кесенесі, Талдыбейіт қорымы, Әулие тау, Әулие үңгірі және Беғазы тарихи-археологиялық кешенін аралады.
🔘Мұндай рухани-танымдық сапарлардың білім беру саласы үшін маңызы зор. Себебі ұстаздың туған өлке тарихын терең білуі – оны жас ұрпаққа мазмұнды әрі тағылымды жеткізудің маңызды негізі.
📜 Тарихи орындар арқылы өткенді танып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу – келешек ұрпақ алдындағы ортақ міндет.











