💬 10 тамыз – Абай күніне орай Ақтоғай аудандық музейінде , аудан жастарының қатысуымен «Абай – жүрек қалауы, даналық белгісі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
❇️ Кездесудің негізгі мақсаты – ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау, оның өмірі мен шығармашылығын таныту, жас ұрпақты білімге, ғылымға, еңбекке және адамгершілікке үндейтін асыл ойларын дәріптеу.
✅ Шара барысында Абайдың өмір жолы, шығармашылық әлемі, қара сөздері мен философиялық ойлары туралы әңгіме өрбіді. Жастар ақынның шығармаларындағы терең мағыналарға тоқталып, Абай тағылымының бүгінгі қоғам үшін маңызы жөнінде өз ойларын ортаға салды.
🌟 Кездесу барысында жастарға Абай мұрасына қатысты тарихи-танымдық материалдар ұсынып, ұлы ақынның ұлттық руханияттағы орны туралы кеңінен мағлұмат берді.
⭐️ Ұлы Абайдың өлмес мұрасы жастардың жүрегіне жол тауып, рухани шамшырақ бола берсін!
Абай күні құтты болсын! 📚✨
#АбайКүні#АбайТағылымы#АбайЖүрекҚалауы#АқтоғайМузейі#АбайМұрасы#РуханиМұра#Жастар








