⚜️ 10 тамыз – Абай күніне орай Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде Ақтоғай аудандық Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен «АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ»тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
🔰 Кездесудің басты мақсаты – ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау, оның өнегелі өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, жастар мен қоғам өкілдерінің бойына білімге, еңбекке, адамгершілікке деген құндылықтарды сіңіру.
🔸Іс-шара барысында Абайдың өмір жолы, шығармашылық мұрасы, философиялық ой-толғамдары мен қара сөздеріндегі тағылымды тұжырымдары кеңінен сөз болды. Қатысушылар ақынның білім мен ғылымды, адал еңбек пен ар-ұятты биік қойған ұстанымдары жөнінде ой бөлісті.
🔘Кездесу барысында музей қызметкерлері Абай мұрасының ұлттық руханияттағы орнына тоқталып, қатысушыларға музей қорындағы Абайға қатысты тарихи-танымдық материалдар мен әдеби мұралар таныстырылды.
#АбайКүні#АбайТағылымы#ТарихқаТағзым#АқтоғайМузейі#РуханиМұра#АбайҚұнанбайұлы




