⚜️ Ақтоғай аудандық музейінде «Ұлы дала мұрасы» жобасы аясында аудан мектептерінің белсенділері мен оқу озаттарына арналған өлкетанулық экскурсия ұйымдастырылды.

❇️ Экскурсия барысында оқушылар Ақтоғай өңірінің тарихи-мәдени мұрасымен танысып, музей қорындағы құнды жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар ауданның киелі және тарихи орындары туралы тың мәліметтер алып, туған өлкенің бай тарихы мен мәдениеті жайлы танымдарын кеңейтті.

🔰 Мұндай тағылымды шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-мәдени мұраны құрметтеуге баулу және өлкетану бағытындағы білімдерін тереңдету.
Туған жердің тарихын танып-білу – ел болашағына деген жауапкершіліктің бастауы.

#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі

Онлайн кім

Қазір 229 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр