🔹 20 шілде күні Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әділ қоғамның негізі» тақырыбында жастар арасында дөңгелек үстел өтті.
❇️ Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсініктерін кеңейту және адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау.
🔰 Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары мен қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын талқылады.
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі





