🔹 Ақтоғай аудандық мәдениет үйінде жерлесіміз, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Сәбет Малғаждарұлы Жақыпбековтің туғанына 90 жыл толуына орай тағылымды мәдени шара өтті.
⚜️Айтулы кеш аясында Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі «ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ПЕН АБЫРОЙ ЖОЛЫ» жылжымалы көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрмеде ел қауіпсіздігі мен мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек еткен тұлғаның өмір жолы, қызметі мен марапаттары таныстырылды.
🔸Сәбет Малғаждарұлы Жақыпбеков — 1936 жылы 23 сәуірде Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ол 1991–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс бас басқармасының бастығы, үкіметтік байланыс әскерлерінің қолбасшысы қызметтерін атқарған. КСРО мемлекеттік қауіпсіздік полковнигі және Қазақстанның генерал-майоры атақтарына ие болған.
🔰 Шара барысында ардақты азаматтың ел алдындағы еңбегі дәріптеліп, жас ұрпаққа өнеге болатын ғибратты өмір жолы кеңінен насихатталды.
#АқтоғайАуданы
#Ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі










