⚜️ Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, өлкетанушы, Алаштанушы, Әлихантанушы Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлының 80 жас мерейтойы аудандық Мәдениет үйінде кең көлемде аталып өтті.
🔰 Айтулы мерекелік шара аясында Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі «Туған өлкенің шежірешісі – Тұңғышбай Мұқан» атты арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеге мерейтой иесінің өмір жолы, өлке тарихына қосқан үлесі, зерттеу еңбектері мен тарихи жәдігерлер қойылып, кеш қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.
💬 Көрмені тамашалаған көпшілік Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлының туған жер тарихын зерделеудегі еңбегіне жоғары бағасын беріп, мерейтой иесіне ақжарма тілектерін арнады.
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі









