🌸 Аналар күні мерекесіне орай Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі ұйымдастыруымен «Ана сыйы: Бағзыдан жеткен ұлттық тағамдар» атты танымдық сағаты өтті.
🌟 Іс-шараға Қосымша білім беру орталығы оқушылары қатысып, ұлттық тағамдардың жасалу жолымен танысты. Музей қызметкерлері бауырсақ пісіру, айран ашыту, құрт жасау бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, қазақ халқының дәстүрлі тағамдарының ерекшеліктерін насихаттады.
❇️ Тағылымы мол шара барысында оқушылар ұлттық мұраға деген қызығушылықтарын арттырып, ата-бабадан жеткен ас мәзірінің қадір-қасиеті туралы мағлұмат алды.
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі
#АналарКүні#ҰлттықТағам





