9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде «Соғыс жылдарының үнсіз шежіресі» атты тағылымды көрме ұйымдастырылды.

🔰 Көрменің мақсаты – сұрапыл соғыс жылдарының тарихын жас ұрпаққа таныстырып, батыр бабаларымыздың ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігін насихаттау. Шара барысында музей қорындағы тарихи жәдігерлер мен құнды деректер көпшілік назарына ұсынылды.

🔸Мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, соғыс кезеңінің тарихымен танысып, тағылымды мәліметтер алды. Жас буын ардагерлердің ерлігіне тағзым етіп, өткен тарихтың маңызын терең сезінді.

✨ Батырлар рухына тағзым – ұрпаққа аманат!

#ҰлыЖеңіс
#9Мамыр
#АқтоғайМузейі

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр