7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі ұйымдастыруымен «Қайсар рух – мәңгілік мұра» атты тағылымды көрме өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, ел қорғаған батырлардың ерлігі мен тарихи мұрасын насихаттау.
🌟 Көрмеге әскери тақырыптағы фотосуреттер мен ұлттық рухты дәріптейтін материалдар қойылды. Оқушылар халқымыздың ел тәуелсіздігі жолындағы күресі, батыр бабалардың қайсарлығы мен Отан алдындағы адал қызметі туралы мағлұмат алды.
🔰 Іс-шара барысында мектеп оқушылары көрмені ерекше қызығушылықпен тамашалап, тарихқа қатысты тың деректермен танысты. Сонымен қатар музей қызметкерлері оқушыларға көрмедегі жәдігерлердің тарихы мен маңызы туралы кеңінен ақпарат беріп, жас буынға патриоттық тәрбие бағытында танымдық әңгімелер жүргізді.
💬 «Қайсар рух – мәңгілік мұра» көрмесі жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елін, жерін құрметтеуге үндейтін маңызды мәдени шаралардың бірі болды. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы ұлттық құндылықтар дәріптеліп, батырлар рухына құрмет көрсетіледі. 🇰🇿
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі
#7мамыр#ОтанҚорғаушыларКүні#ҚайсарРухМәңгілікМұра











