🕊️ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» тақырыбында Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде мектеп оқушыларымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

🌏 Кездесу барысында жас ұрпаққа еліміздегі татулық пен бірліктің маңызы түсіндіріліп, халқымыздың бай мәдени мұрасы мен дәстүрлері туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Оқушылар музей экспонаттарымен танысып, тарихи құндылықтар жайлы қызықты мәліметтер алды.

🌟Осындай тағылымды шаралар жас буынның елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, бірлік пен ынтымақтың қадірін терең түсінуге жол ашады. 🇰🇿

#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі
#Бірліккүні

Онлайн кім

Қазір 134 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр