🔸 «Ұлтқа қызмет – ұлы мұрат» тақырыбында көрнекті қоғам қайраткері Қайдар Арыстанбековтың өмірі мен еңбегіне арналған тағылымды дәріс өткізілді.
Дәріс барысында оқушыларға оның ел дамуына қосқан зор үлесі, еңбекқорлығы мен отансүйгіштік қасиеттері кеңінен насихатталды. Оқушылар ұлтқа адал қызмет етудің маңызын түсініп, тұлғаның өмір жолынан өнеге алды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілікті арттырады.
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі

