🔹 Аудандық музейге Алматы қаласынан арнайы келген Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты-ның ғылыми қызметкерлері, яғни кәсіби тарихшылар, жұмыс сапарымен ат басын тіреді.
Бұл сапардың негізгі мақсаты – Ақтоғай өңірінде орын алған 1931–1933 жылдардағы алапат ашаршылық кезеңін тереңірек зерттеу, сол тарихи нәубеттің себеп-салдарын жан-жақты зерделеу болды.
🔘Ғылыми топ аудандық музей қорында сақталған құнды тарихи материалдармен, архивтік құжаттармен және сол кезеңге қатысты деректермен мұқият танысты.
💬Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашаршылық жылдарындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы мен тарихи оқиғалардың нақты көрінісі кеңінен ашылып, болашақта ғылыми айналымға енгізілетін маңызды деректер қоры толықтырылды.
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі



