⚜️ Түркістан қаласында «Ұлы Дала елі» орталығының 5 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Дала өркениеті: тарих пен тағылым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Ауқымды жиынға археологиялық-этнографиялық музейдің басшысы Индира Дәулетбекқызы қатысып, тәжірибе алмасты.



🔘Конференция барысында музей ісінің өзекті мәселелері кеңінен қарастырылды. Атап айтқанда, мәдени мұраны сақтау мен дәріптеу, цифрландыру үдерісін дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, сондай-ақ туризм саласын ілгерілету бағыттары бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.

❇️ Осы атаулы датаға орай «Ұлы Дала елі» орталығын 5 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұжымға жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, тың идеялар мен ауқымды жобалардың сәтті жүзеге асуын тілейміз. Ел тарихы мен мәдени құндылықтарын насихаттау жолындағы еңбектеріңіз әрдайым нәтижелі болсын!

#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі

Онлайн кім

Қазір 138 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр