🔹 Бүгін Ақтоғай аудандық музейінде «Адал ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицері Супиянова Күлмағира Жолдыбайқызы түсіндірме жұмысын өткізді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері түсіндіріліп, адалдық, парасаттылық және әділдік құндылықтарын дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.
💬 Кездесу қатысушыларына жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және әрбір азаматтың жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, жастардың бойында адалдық мәдениетін қалыптастыру – ел болашағының кепілі екені ерекше атап өтілді.
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі

