❇️ “Наурызнама” бағдарламасы аясында Аудандық мәдениет үйінде ерекше мазмұнды іс-шара өтті. Ақтоғай аудандық музейі ұйымдастырған “Шашбау мен шолпы – қыз көркі” атты таныстырылымда қазақ халқының көне әшекей бұйымдарының мәні мен маңызы кеңінен насихатталды.

🔘 Шашбау мен шолпы – тек сәндік әшекей ғана емес, қыз баланың көркі мен нәзіктігін айқындайтын, ұлттық болмысымызды танытатын асыл мұра. Көрермендерге бұл бұйымдардың тарихы, тағылу ерекшеліктері және тәрбиелік мәні туралы қызықты мәліметтер ұсынылды.

🔸 Ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз. 🌸

#Наурызнама #ҰлттықДәстүр #МәдениетКүні #АқтоғайМузей

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр