⚜️ «Амал келді – Жыл келді» мерекесіне орай Аудандық Мәдениет үйі ұжымымен мазмұнды кездесу өтті.


🔆 Кездесу барысында ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, көрісу күні – береке мен бірліктің бастауы екені айтылды. Ұжым мүшелері бір-біріне ақжарма тілектерін білдіріп, жаңа жылға ізгі ниеттерін жеткізді.
❇️Бұл мереке – татулық пен сыйластықтың, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің жарқын үлгісі. Осындай тағылымды кездесулер ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға және ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
🌷 Баршаңызға амандық, құт-береке, молшылық тілейміз!
Амал мерекесі құтты болсын! 🤝🌿

#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі

Онлайн кім

Қазір 153 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр