🌷 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шара аясында Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі «АНА – ӨМІР ШУАҒЫ» тақырыбында жылжымалы көрме ұсынды.

❇️ Көрме барысында аналардың қоғамдағы орны мен қадір-қасиетін айшықтайтын фотосуреттер топтамасы көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені аудан тұрғындары мен қонақтары тамашалап, ұсынылған фотосуреттерден ерекше әсер алды.

⚜️Мерекелік шара барысында ардагер аналарымызға ерекше құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалып, мерекелік сыйлықтар табысталды.

🌸 Аталған көрме мен іс-шара аналардың мейірімі мен өмірдегі маңызын насихаттауға бағытталды.

#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі

Онлайн кім

Қазір 183 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр