🔸 Ұлағатты ұстаз Ақатаева Мәкеннің туғанына 90 жыл толуына орай К.Байсейітова атындағы мектеп оқушыларына тағылымды дәріс ұйымдастырылды.
⚜️Дәріс барысында Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі атанған ардақты ұстаздың өмір жолы мен саналы ғұмыры, білім беру саласына қосқан сүбелі үлесі кеңінен баяндалды. Ұстаздың кәсіби шеберлігі, шәкірт тәрбиелеудегі табандылығы мен адамгершілік болмысы жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.
🔰Іс-шараның мақсаты – оқушыларға өнегелі өмір иесінің еңбегін таныстыру, ұстаздық жолдың қадір-қасиетін ұғындыру және білімге деген құрметті арттыру.
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі




