🔸 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ауған асуында от кешкен – Ақтоғайлықтар» атты тағылымды көрме ұйымдастырылды.
🔰Іс-шара барысында Ауған соғысының ардагері Ғалиханов Қазыбек Сейітжанұлымен кездесу өтіп, ерлікке толы естеліктері мен өмірлік тәжірибесі жайлы әсерлі сұхбат құрылды. Оқушылар ардагерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, Отан алдындағы борыш пен елге қызмет етудің мәні туралы тағылымды ой түйді.
⚜️Кездесуге Әлихан Бөкейхан тірек мектебі оқушылары белсенді қатысып, патриоттық рухтағы шарадан ерекше әсер алды.
🔗Мұндай кездесулер – жас ұрпақты елжандылыққа, ерлік пен батырлықты құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды қадам. Ардагерлер ерлігі – ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
#АқтоғайАуданы
#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі






