Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты түсіндіру мақсатында музей басшысы Индира Дәулетбекқызы музей қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормалары, адалдық пен ашықтық қағидаттарының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, қызмет барысында заң талаптарын сақтау, жауапкершілік пен әділдік ұстанымдарын басшылыққа алу қажеттігі түсіндірілді.
Аталған шара ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметке деген сенімді арттыруға бағытталды.



