Мамыр айының 17-ші жұлдызында Ақтоғай ауданының жастар ресурстық орталығы, Аудандық бiлiм бөлiмi және Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінің ұйымдастыруымен “АЛАШТЫҢ АСЫЛ ІЗІМЕН” Дала конференциясы танымдық рухани шарасы өттi.

Дала конференциясы аясында оқушылар Талдыбейіт, Бегазы, Желтау, Жекежал сынды тарихи жерлерді аралап, бай мағлұматтарға қанықты. Конференцияға қатысушы Жастар, оқушылар Алаш көсемi Ә.Бөкейханның кiндiк қаны тамып, табанының iзi қалған жерлерде болып, Ақтоғай ауданының мәдени құндылықтарын көзбен көрiп, көңiлге түйiп, табиғатын тамашалап, тарихи орындармен танысты. Осылайша Дала конференциясы мәдени-рухани шарасы жоғары деңгейде өтті.

#АқтоғайАуданы

#ақтоғайархеологиялықэтнографиялықмузейі

Онлайн кім

Қазір 107 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр