18- мамыр Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде “ МУЗЕЙ ТҮНІ 2024” шарасы өтті. Айтулы шара келесі бағдарламалар негізінде ұйымдастырылды.
БАҒДАРЛАМА
*ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕУ: құрт жаю, бидай түптеу, тас диірменмен ұн тарту, жүн сабап жіп иіру шеберлік сабақтары.
*ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР: «БЕС ТАС», «АҚ СҮЙЕК».
* «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» жас өнерпаздар шығармашылығы.
*«МЕН АРХЕОЛОГ БОЛАМЫН!» археологиялық қазба жұмысы-шеберлік сабағы.
*ФОТО-ЗОНА.
* «МУЗЕЙГЕ ЖӘДІГЕР СЫЙЛА» акциясы .
Мерекеге арналған рухани кеште спорттық және интеллектуалдық ойындар ойнатылып, Өнер мектебінің өнерпаздары күмбірлетіп күй шертіп. Тағылымды шара соңында шараға белсене қатысқан қонақтарды арнайы Алғыс Хаттармен марапаттап жақсы әсермен тарқасты.