9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде «Ұрпақтар ұмытпайтын -Ұлы Жеңіс» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.
Мерекелік шараның мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас буынға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтардың ерлік істерімен қастерелеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, ой - өрісін дамыту.
Жас ұрпақты тарихымызды тереңінен тануға баулу. Ел тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен өз халқымыздың тарихын боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, кұрметтеуге тәрбиелеу.