Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі»

2023 жылдың І жартыжылдықта атқарылған жұмыс есебі.

Ақтоғай 2023 ж.

І.ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ.

Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музей ғимараты архитектуралық кешенге ұқсастырылып жасалған. Сырты әсем қапталған, күмбезді, маңайы қоршаулы.

Музей Ақтоғай селосының Жақып мырза Ақбай-1 көшесінде орналасқан.

Музейдеүш зал, бір бөлме барОлар:

1.Археологиялық зал.

2.Этнографиялық залы.

3.Тарихи өлкетану және өнер залы.

4.Көркем өнер туындылар бөлмесі.

Музей үйі аумағы-356,1 шаршы метр

оның кіреберіс-10,6

археологиялық залы – 119,7

этнография залы -66,5

тарихи өлкетану залы және өнер залы – 100

көркем өнер туындылар залы-48,0

шыға беріс-11,3 метр.

Музей арнаулы салынған жеке ғимараттағы қазандық АСО (2 пеш) арқылы жылытылады.

Музейдің сыртқы қоршау ішіне «Мұртты оба» макеті жасалынып, түркі-қыпшақ дәуірінің балбал тастары орнатылған. Музей алдына «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты археология тақырыбына және этнография тақырыбына банерлер жасалынып орнатылған.

Музейдің ауласына кезінде Ә.Бөкейханов Желтаудан Қарқаралы, Семейге дейін барған «Тарантас» арбаның түп нұсқасы қойылған. Музей ауласының екінші қанатына аудан өңірінде өсетін өсімдіктердің (ағаш, тал т.б.) түрлері отырғызылып, шағын дендір баққа бейімделген.

ІІ. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ ЖҰМЫСЫ.

Ақтоғай ауылының тұрғыны Байдүйсенов Руслан Көне пышақ сабы күмістен өрнектеліп жасалған музейге өткізді .

Ақтоғай аудан тұрғыны Кәрімбек Мұхаммед Әли Қарамойыннан табылған күмістен жасалған көне зергерлік бұйымдарды музейге табыстады. Ақтоғай ауданы тұрғыны Ә.Бөкейхан мектебінің директоры Қ,Абдрахмановтан пионина музей қорына қабылданды. Ақтоғай ауданы тұрғыны Жақсыбеков Сағат көне күмістен жасалған сандықтың сыртқы бедері. Ақтоғай ауылының тұрғыны Жұмашев Айбол Кеңестік кезеңдегі радио қабылдағышты өткізді. Ақтоғай ауылының тұрғыны Мусина Арнагуль атасынан мұра болып қалған шапан және Радио қабылдағыш музейге табыстады. Қарағанды қаласының тұрғыны Абдрахманов Ғайникеннің көптеген құжаттары мен төс белгілер, медаль және әр түрлі елдің ақша бірліктерін табыстады.

IV. ҒЫЛЫМИ-ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ҚОР ЖҰМЫСЫ.

Музей жәдігерлерінің төл құжаттарын толтыруды шиферлік есептік нөмірлеумен сәйкестендіруде. Музей қорына тиесілі аса құнды жәдігерлерді арнаулы сейфтерде сақтауда.

Музей залдарында орналастырылған жәдігерлердің анықтамалық тізімдерін толықтыру жалғастырылып, әр залға жеке-жеке орналастырылды.

Ақтоғай тарихы және Алаш қайраткерлері туралы телеарналардан берілген деректі фильмдер мен БАҚ беттерінен, ақпараттық хабарлардан видеотека қорын жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылдың І жартыжылдықта музейге 99 жәдігер қабылданды. Оның -39 -ы негізгі қорда, 60-і қосымша қорға қабылданды. 41 жәдігерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

V. БҰҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖҰМЫС.

 

1-қаңтар Жаңа жыл мерекесіне орай музей ғимаратын түрлі-түсті шамдармен безендіріліп, қардан қоян орталық алаңға қой мүсіні жасалынды.

Қантар айының 15-ші жұлдызында Ресей мемлекетінен саяхаттап шыққан туристер Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейіне келді. Келген қонақтарды аудан тарихымен , өлкеміздегі тарихи құндылықтармен таныстырып экскурсия жүргізілді

Қаңтар айының 24-ші жұлдызында Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына “ДАНА БАБАЛАР МЕН ДАРА ТҰЛҒАЛАР” атты тақырыпта , Жалаңтөс Батыр өмір дерегі туралы оқушыларға дәріс оқылды.

Қаңтар айының 26-шы жұлдызында К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына “ДАНА БАБАЛАР МЕН ДАРА ТҰЛҒАЛАР” атты тақырыпта , Нарманбет Орманбетұлы өмірдерегінен, шығармашылығынан оқушыларға дәріс оқылды.

Қаңтар айының 30-шы жұлдызында К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына “ДАНА БАБАЛАР МЕН ДАРА ТҰЛҒАЛАР” атты тақырыпта , Жидебай Қожаназарұлы батыр өмірдерегі, қолбасшылық өнері жөнінде оқушыларға дәріс оқылды.

Ақпан айының 3-ші жұлдызында аудан әкімі Кенжебеков Руслан Айтыкенұлы арнайы жұмыс сапармен Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейіне келді. Халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткені мен бүгінін, жылдар қойнауындағы құндылығы мен тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа жеткізуде музейдің маңызы зор екендігін. Музей – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отырған бірден-бір институт , Музей – тарих пен тағылым ордасы екенің тілге тиек етті. Музейдің жаңғырту жоспарымен және музей ғимаратының таршылық ететінің ескеріп жаңа ғимартқа орналасуына әкімдік тарапынан қолдау көрсететінің жеткізді.

10 ақпан күні Аудандық музейде Ақтоғай аграрлық- техникалық колледжі студенттеріне “ДАНА БАБАЛАР МЕН ДАРА ТҰЛҒАЛАР” атты тақырыпта , Сана би өмірдерегі, шешендік өнері жөнінде дәріс оқылды.

Ақпан айының 13-ші жұлдызында аудандық музейде Ақтоғай Ішкі Саясат Бөлімі бас маманы Әбіл Әсет , Жастар ресурстық орталығының маманы Шолпан Ерланқызы “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Жалпы ережелер “ жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

15 ақпан Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай, “Ауған асуында от кешкен Ақтоғайлықтар “ тақырыбында Ауған соғысы ардагері Қақабаев Мұрат Елегенұлымен кездесу өтті.Мерекелік шараға Ә.Бөкейхан атындағы мектеп оқушыларынан жасақталған “Жас сарбаздар” қатысты. Оқушылар Ауған соғысы ардагеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,сұхбат өрбітті. Мерекелік шараның негізгі мақсаты Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

16-шы ақпанда Астана қаласында ҚР Ұлттық музейі 18-мамыр Халықаралық музейлер күнін атап өтуге қатысты республикалық семинар өткізді . Семинарда ҚР Ұлттық музейінің , Қазақстан музейлерін дамытуды әдістемелік- үйлестіру орталығы атаулы күннің бағдарламасына қатысты отандық және шетелдік тәжірибелермен бөлісті . Осы айтулы шараға Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі қызметкерлері Игебек Индира және Сейсенбаева Асем қатысты. Іс-тәжірибе алмасып арнайы Сертификаттар табысталды.

24-ші Ақпан күні Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына арналған“ Жұрт жадында Жүргенов” атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды .

Көрмеге Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары қатысты.

Көктемнің алғашқы мерекесі 1-наурыз Алғыс айту күніне орай Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде “Алғыс жүректен шығады” атты тақырыпта Халық банк қызметкерлерімен кездесу өтті.

7 наурыз күні Ақтоғай Аудандық Мәдениет Үйінде Аналар мерекесіне орай мерекелік жиын өтті.Осы айтулы шараға Ақтоғай Археологиялық- Этнографиялық Музейі “АНАЛАР АСЫЛ ЖАНДАР “атты тақырыпта жылжымалы көрмені көпшілік қауымға ұсынды.

Наурыз айының 13-ші жұлдызында аудандық музейде музей басшысы Игебек Индира “ Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы “ жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

19- наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаныңда , Парламент мәжілісі және мәслихат депутаттары Сайлау күніне орай Ақтоғай Археологиялық- Этнографиялық Музейі Аудандық Мәдениет үйінде “Ата- мұра асыл қазынамыз “ атты тақырыпта жылжымалы көрмені көпшілік қауымға ұсынды.

Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде 20 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күніне орай Әдет-ғұрып салт дәстүр жобасы аясында «Қош келдің әз-Наурыз» мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдардан дастархан жайылып салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін жиын өтті.

22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай Әдет-ғұрып салт дәстүр жобасы аясында Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі аудандық Орталық алаңда Ұлттық тағамдардан бауырсақ фестивалін ұйымдастырды.

14-15 ші сәуір Тіл ғұламасы Әсет Болғанбаевтың 95-жылдық мерейтойы аясында «Тіл жаңашыры –Әсет» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды .

Сәуір айының 19-шы жұлдызында Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде Социалистік Еңбек Ері, Ленин орденінің иегері Мұқанов Маубастың туғанына 135 жыл толуына орай «Еңбегімен еленген ақсақал» атты тақырыпта көрме өтті.

1- мамыр Қазақстан Халқы Бірлігі күніне орай Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі Орталық алаңда “Бірлігіміз жарасқан” атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

4-мамыр Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің белсенді жастардан жасақталған студенттері «ruhani.kz» жобасы аясында Аудан орталығындағы тарихи мәдени кешендерді аралады. Экскурсия келесі маршруттар бойынша жүргізілді Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі , Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның Жекежал қыстауына, ата-анасы, бауырлары жерленген «Талды бейіт» қорымына және Желтау Таңбалы Тастарыңа(петроглифтер) .

7- мамыр ҚР Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі Орталық саябақта «Ер-елінің қорғаны» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

9- мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Аудандық музей Орталық саябақта «Отан үшін от кешкен- Ақтоғайлықтар» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

9- мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Аудандық музейде мектеп оқушыларына «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»атты тақырыпта көрме , дәріс өтті.

18- Мамыр Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай Ақтоғай Археологиялық- Этнографиялық Музейінде “ Өткеннің қазынасы болашаққа “ және “ Музей түні 2023 “ мерекелік іс-шарасы өтті.

31 мамыр “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын” еске алу күніне орай жазықсыз жапа шеккен Алаш арыстарына , ашаршылық құрбандарының рухына құран бағышталып “Алашқа тағзым “еске алу рәсімі өтті.

1маусым Балаларды қорғау күніне орай аудандық Орталық саябақта балаларға арналып “Таңғажайып тастар тарихы сыр шертеді” атты тақырыпта ойындар ұйымдастырылды.

4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Ұлттық рәміз –Мемлекет нышаны ” атты тақырыпта көрме өтті.

Маусым айында “Туған жеріңді , танып біл” жобасы аясында Аудандық музейге Ә.Бөкейхан , Жабас Кеңесбаев , Әсет Болғанбайұлы, Ақшатау мектебінің жазғы лагерь оқушылары арнайы өлке тарихымен, музейдегі құнды мұралармен және Аудан тарихынан сыр шертетін құнды деректермен танысуға музейге келді ,оқушыларға экскурсия жүргізілді.

Маусым айының 26-шы жұлдызында «Қыран құстың қанаты талмас» Шет аудандық музейінің жылжымалы көрмесі Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінде Көрмеде құсбегі, саятшы, «Салбурын» саятшылар жарысын алғаш ұйымдастырушы, өлкетанушы Есембекұлы Тілеуғабылдың құсбегілікке арналған құнды мұралары қойылды.

 

Fаcеbook, Instagram әлеуметтік желілеріне салынуда «Музей мұрасы, «Жеріміздегі Дәрілік өсімдіктер »,«Ақтоғай жер су атаулары»,«Сахи туындылары»,«Ақтоғай ауданының құрметті азаматтары»«Әдет-ғұрып салт дәстүр» бойынша «Ұлы даланың ұлы есімдер» айдары арқылы жариялануда.Әлеуметтік желідегі көрсеткіш Instagram желісі жарияланған-86, көрсетілім-2195. Facebook желісіжарияланған-86, көрсетілім-3872.

 

VІ. ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС.

Музей мектеп оқушыларына, мектептегі музейлерге, студенттерге, «Ажарлы Ақтоғай» газеті, мәдениет үйі, кітапханаларға көптеген әдістемелік көмек көрсетуде. Әр селолық округтердегі мектептердің ішінде қосымша шағын музейлер ашылған, солардың жетекшілеріне де әдістемелік көмектер ұйымдастырлуда. 16-шы ақпанда Астана қаласында ҚР Ұлттық музейі 18-мамыр Халықаралық музейлер күнін атап өтуге қатысты республикалық семинар ұйымдастырды . Семинарда ҚР Ұлттық музейінің , Қазақстан музейлерін дамытуды әдістемелік- үйлестіру орталығы атаулы күннің бағдарламасына қатысты отандық және шетелдік тәжірибелермен бөлісті . Осы айтулы шараға Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі қызметкерлері Игебек Индира және Сейсенбаева Асем қатысты. Іс-тәжірибе алмасып арнайы Сертификаттар табысталды. Мамыр айының 18-ші жұлдызында ҚР Ұлттық музейі Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдің қор сақтау қызметін ұйымдастыру: теориясы мен практикасы» атты тақырыпта ғылыми республикалық конференция . Аталмыш жиынға Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінің қор сақтаушысы Супиянова Кулмагира Жолдыбайқызы қатысты.

 

VIІ. АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСТАРЫ.

Музей қорындағы тарихи, мәдени құжаттардың түпнұсқасынан көшірмелер жасап беру, музейді тамашалаушыларға кіру билеттерін ұсыну арқылы түсіріледі.

2023 жылдың І жартыжылдық ақылы қызметтің жоспары орындалды. Барлығы- 18 000 теңгені құрады. Музейде 37 экскурсия және 23 көрме ұйымдастырылып, 2506 көрермен музейді тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Х. КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫ.

Кітаптар «Знай свой корни» авторы слайнов Төлеуғазы, «Менің өмірдегі тура жасым» автор Ғ.Абдрахманов, «Ужраская жрица» автор Қырым Алтынбеков, «Тері өңдеу технологиясы» автор Ғ. Абдрахманов, «Сборник средств с методики» автор Г.Абдрахманов, «Менің жұмағым» авторы Бегзат Алтынбеков, «Сөз әлемі» авторы Әсет Болғанбайұлы.

 

ХІ. МУЗЕЙДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ.

Музейдің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, музей жұмысына ІТ технологиялар мен инновацияларды енгізу. Музей қорларына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мәдени құндылықтарды электронды форматқа көшіру және виртуалды кеңістікте ұсынуды іске асыру жоспарланған. Музейдің техникалық базасын толықтыруға проектор экранымен, телевизор, компьютер, фото және видео аппараттар қажет.

ХІІ. МУЗЕЙДІҢ БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМЫ.

Басқа өңірлерде қызмет жасап жүрген Ақтоғайлық зерделі азаматтармен байланыс орнату арқылы ауданға қажетті құнды деректер алынуда. Музейдегі зерттеу, зерделеу жұмыстарына қарт-зейнеткерлермен өлкетанушылар және ғалымдармен тұрақты байланыс орнатылған.

ХІІІ. МУЗЕЙДІҢ КҮЗЕТІ.

Ғимараттың есіктерінің құлыпталу сапасын, сыртқы қаптауларының, су жылу жүйелерінің жарамдылығын тексеріп отырылуда. Ғимаратты күзету жұмысына талапты күшейту, ішкі және сыртқы бөлмелермен аулаларды күзету жауапкершіліктерін келісім шартта жіктеп көрсетілген. Ғимараттың ішіне және сыртына бақылау камералары орнатылды. Мерзімінде инструктаждан өткізіліп отыр. Арнайы өрт қауіпсіздігі және техникалық қауіпсіздігін сақтау ережелерімен танысу журналдарымен толық таныстарылған. Өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген.

 

 

 

XIV. ҚОРЫТЫНДЫ.

Музейдің өлкетану және бейнелеу өнері бағыттарындағы жәдігерлерін орналастыру үшін музей ғимараты таршылық етеді. Музейдің техникалық базасын толықтыру мақсатында проектор экранымен, телевизор және фотоаппарат, видеокамера, кеңсе столдары, құжат жинайтын шкафтар, орындықтар қажет. Көру қабілеті бойынша мүгедек адамдарға арналған бейімдеу тактильді жолдар. Брайль ширфті бар тақтайшалар дыбыстық маяктар. Мүгедек адамдарға арналған автотұрақтар. Сонымен қатар тарихи-мәдени жерлерге экскурсиялар ұйымдастыру үшін мекемеге автокөлік қажет.

 

Басшы м.а И.Игебек

Онлайн кім

Қазір 16 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр